Шымкентте жас қызды пышақпен қорқытқан күдікті ұсталды

0
694

Күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды.


Шымкентте жас қызды пышақпен қорқытқан күдікті ұсталды

Шымкент қаласында жас қызды пышақпен қорқытқан күдікті құрықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше белгісіз ер адамның бойжеткенді пышақ көрсетіп қорқытқаны туралы
ақпарат жариялаған болатынбыз. Аталған оқиға Қаратау АПБ тіркеуге алынып, күдіктінің жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілді.

"Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бойжеткен бұған дейін оқиғаның қалай болғанын айтып, полицейлерге деген ренішін жеткізген болатын. Ол полицейлерден көмек сұрауға барғанда: «Әрине, қысқа шорты кисең, кез-келген еркектің ойы бұзылады», деп қыздың өзін кінәлаған көрінеді.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, осы оқиғадан кейін полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр екен.