Шымкентте «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы өтті

0
331

Педагогтар өзекті мәселелерді қозғаған сабақтарда бас қосты.


Шымкентте «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы өтті

Шымкентте «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің облыстық форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Түркістан облысының білім басқармасы, Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы өткізілді. Түркістан облысы жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған форумға 300-ге жуық жас маман қатысты.
Форум аясында жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісу үшін “Тамерлан Моторс” компанияның HR директоры, бизнес тренер Гүлжанат Битанова, “Дау-мед” медикалық центрдің негізін қалаушысы шақырылды.
Қатысушылар тақырыптық алаңдарда бас қосып, «Педагогтің қызметіндегі зерттеу», «Инклюзивті оқыту: жанама тәжірибеден өз іс-әрекетіне дейін», «Пәндік кәсіби құзіреттілікті дамыту» сынды өзекті мәселелерді қозғаған сабақтарда бас қосты.
Шара соңында қатысушылар топ болып бөлініп практикалық жұмыстар жүргізді. Бұл сабақтың жас ұстаздар үшін пайдалы болғанын қатысушылардың бірі Амина Торебайқызы баяндама жасап, бұл жоба мұғалімдердің кәсіби тұрғыда табысты болуына бағдар жасап, оларды үнемі оқуға және дамуға ынталандыратынын айтты.