Шымкентте «Жасыл аймақ» апталығы өтіп жатыр

0
295

Тал екті, тазалады, айналаны көркейтті.


Шымкентте «Жасыл аймақ» апталығы өтіп жатыр

ERNUR.KZ. «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Шымкент қаласының Абай ауданында жасыл желектерді баптау, шөп ору, тал егу сынды тазалық жұмыстарымен басталды.

Экологиялық іс-шараға аудан аумағындағы тұрғындар, 70 кәсіпкерлік, 60 әлеуметтік нысан қатысты.

— Бір тал кессең, он тал ек» демекші, қаламыздың көркеюіне біз де өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен бүгін тал егіп жатырмыз.Бұл тазалық акциясы өзіміз өмір сүретін ортаны жай ғана жинап-тазалау емес, тұрғындарды өз қаласын таза ұстауға шақыру деп білемін. Сондықтан бәріміз де белсенділік танытуымыз қажет, — деді қалалық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Сәбит Мұқанов.
Тазалықшылар Шымсити, Асар, Тұрлан шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және Темірлан тас жолы, Барыс базары, әуежай аумағы мен Ақмешіт аумактарындағы шөптерді орып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысына 15 техника жұмылдырылып, 20 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, Шымсити шағынауданында орналасқан Конгресс хол аумағына мәдениет саласының қызметкерлері әкімдікпен бірлесе 100-ден аса көшет отырғызды.

Еске сала кетсек, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлестерін қосуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.