Шымкентте жаттығу залында өрт шықты

0
643

Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады.


Шымкентте жаттығу залында өрт шықты

Шымкент қаласында жаттығу залында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

19 қараша күні 07 сағат 54 минутта "101" пультіне Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Ерімбетов көшесі, 28 мекенжайында орналасқан "Шалбаев" ЖК жаттығу залында өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған жайт бойынша, төтенше жағдай қызметінің өкілдері 08 сағат 08 минутта өртті сөндіруге кіріскен. Учаскелерді сумен қамтамасыз ету 15 метр қашықтықта орналасқан өрт гидранттарынан жүзеге асырылды. Өрт 08:27-де ауыздықталып, 08 сағат 45 минутта сөндірілді. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрады.

Төтенше жағдайлар Департаментінің 26 қызметкері мен 6 техникасы, АМО-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, және Полиция Департаментінің 3 қызметкері мен 5 техникасы, электр желісінің авариялық қызметінен 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.
Өрт орнында Шымкент қаласы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ зерттеу өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта өрттің себептері мен өрттен келтірілген залал анықталуда. Аталған оқиға бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.