Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

0
422

Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.


Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Шымкентте 56 жастағы әйелді көлігімен қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған жағдай А.Байтұрсынов пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында орын алған.
"Тексеру барысында жүргізуші өзінің басқаруындағы көлігімен 56 жастағы әйелді қағып, жол-көлік оқиғасы орын алған жерді тастап, дереу бой тасалап кеткендігі белгілі болды. Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар «LADA Priora» маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - делінген жазбада.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-тің 345-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекеті) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.