Шымкентте жерасты өткелдері тазаланды

0
407

Тазалық жұмыстары кестеге сәйкес аптасына 2 рет жүргізіледі.


Шымкентте жерасты өткелдері тазаланды

Шымкентте А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ жанында орналасқан жерасты өткелі және Рашидов пен Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан жерасты өткелі тазаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған аумақтың күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты «ТехЭкоСервис» ЖШС-ы. Аталған мекеме санитарлық тазалық жұмыстарын кестеге сәйкес аптасына 2 рет жүргізеді.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданына қарасты 4 жерасты, 1 жерүсті өткелі бар. Атап айтсақ, Анаров көшесі, Темір жол вокзалының алдында және Рашидов және Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында, А.Байтұрсынов көшесі бойындағы жерүсті өткелі, Төлеметов көшесі және Бәйдібек би даңғылының қиылысында, Бәйдібек би даңғылы, Дендросаябақ алдындағы жер асты өткелі бар.