Шымкентте жиенін пышақтаған адамға қатысты тергеу аяқталды

0
991

Қаратау ауданының 56 жастағы тұрғыны туған жиенін екі жерінен пышақтаған.


Шымкентте жиенін пышақтаған адамға қатысты тергеу аяқталды

фото: ашық дереккөзден

Шымкентте өз жиенін пышақтаған ер адамға қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қаратау ауданының 56 жастағы тұрғыны туған жиенін екі жерінен пышақтаған. Іс материалдарына қарағанда, ер адам өзінің туған əпкесімен ренжісіп, сөзге келіп, керісіп қалады. Анасымен сөз таластырған туысына қарсы шыққан 32 жастағы ұлы нағашысынаншешесін қорғамақ болады.

Туған жиенінінің қарсы шыққанына қаны қарайған нағашысы асхана пышағын алып, жігіттің кеуде тұсына екі рет тығып алған. Оқиға орнына жедел жəрдем бригадасы жылдам жетіп, қансыраған жігітті ауруханаға жеткізген. Нағашысы пышақтаған 1986 жылы туған азаматты ақ халаттылар аман алып қалған.

Əпкесімен керісіп, туғанын пышақтаған ер адам бірден қамауға алынған. Қазіргі таңда оған кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылуда.