Шымкентте жоғалған арыстан табылды

0
3 179

Арыстан хайуанаттар бағының қызметкерлеріне тапсырылды.


Шымкентте жоғалған арыстан табылды

Шымкент қаласының полицейлері бір тәулік ішінде жоғалған арыстанды тапты, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, оның жүруі мүмкін барлық жерлерді тексерді, тұрғындардан сұрастырды. Жергілікті тұрғындар да полицияға жан-жақты көмек көрсетті.

2021 жылдың 21 қаңтарында бірлескен іс-әрекеттердің нәтижесінде Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері арыстанның жүрген жерін анықтап, Хайуанаттар бағының қызметкерлеріне тапсырды.



Естеріңізге салсақ, 2021 жылдың 19 қаңтарында “Instagram” әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде азаматтардың қонақ үйде арыстан көргені туралы бейнежазба жарияланған болатын.

2021 жылдың 20 қаңтарында Шымкент қаласының ПД Әл-Фараби ауданының ПБ қызметкерлері аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.