Шымкентте жүкті әйелдің ашық жүрегіне ота жасалды

0
847

Қазір ана мен шарананың жағдайы жақсы.​


Шымкентте жүкті әйелдің ашық жүрегіне ота жасалды

2020 жылдың 12 ақпанында Шымкент қалалық кардиологиялық орталықтың базасында науқасқа жүктілігін сақтай отырып, ашық жүрекке ота жасалынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрсақтағы шарананың динамикалық бақылауы кезінде жүктіліктің қалыпты ағымы расталған. Науқас бірінші күні-ақ кардиохиругиялық бөлімге ауыстырылған. Қазір ана мен шарананың жағдайы жақсы.

23 жастағы жас әйел он екі жасынан бастап жүрек ақауымен диспансерлік есепте тұрған. 2020 жылдың қаңтар айында жүктіліктің 18-ші аптасында №12 Қалалық емханаға қаралған кезде, мамандар диагнозды ескере отырып, Шымкент Қалалық кардиологиялық орталығына тексерілуге жіберген. Орталықта «жүрек ақауы» расталып, нәтижесінде дәрігерлер консилиумы жүкті әйелдің жүктілігінен үзуге үзілді-кесілді бас тартқанын ескере отырып, ашық жүрекке ота жасауды жоспарлаған.
Кардио орталықтың мамандары Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының қолдаумен қалалық перинаталды орталықтың акушер-гинеколотармен бірлесіп, мұндай отаны үшінші рет жасаған. Науқастарға сауғып кетуге және ұзақ күткен жүктілігін сақтап қалуға үміт сыйлап отыр. Осыдан алдын жасалған отаның нәтижесі бойынша, ұзартырлан жүктілік сау балаларды дүниеге әкелумен сәтті аяқталған.
Қазіргі таңда артериялық гипертензия, ырғақтың және өткізгіштіктің бұзылыстары, кардиомиопатия, туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары секілді әртүрлі жүрек-қантамырлар аурулары жас әйелдер арасында жиі кездеседі.