Шымкентте жыл соңына дейін 5 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылады

0
440

Биыл 8 елдімекенді электр жарығымен қамту үшін қаржы бөлінді.


Шымкентте жыл соңына дейін 5 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылады

Шымкент қаласы Абай ауданында жыл соңына дейін 5 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданында 34 елдімекеннің 26-сы елді мекені (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елдімекен (20%) жеке меншік транформаторларды пайдаланды.
Мемлекеттік электр жарығының тарифы – 14 теңге болса, жеке меншік транформатор тарифы - 34 теңге.
Биыл 8 елдімекенді электр жарығымен қамту үшін қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде.
Жыл соңына дейін Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке-20 жыл, Ақжар тұрғындары мемлекеттік электр жарығына қосылады.
Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2 батыс бөлігіндегі құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады.
Нәтижесінде жыл соңында ауданның электр жарығымен қамту көрсеткіші 84 пайызды құрайтын болады.