Шымкенттегі әуежай маңында ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн 100-ге жуық нысан анықталды

0
982

Бұл нысандар Қызыл-Жармөлтек-ауданында орналасқан.


Шымкенттегі әуежай маңында ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн 100-ге жуық нысан анықталды

Шымкенттегі әуежай маңында ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн 91 нысан анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы "Шымкент Әуежайы" Акционерлік қоғамының әкімшілігі мәлімдеді.

Бұл нысандар Қызыл-Жармөлтек-ауданында орналасқан.

“«Шымкент әуежайы» АҚ аталған нысандардың иелеріне бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады. Сонымен қатар, мәселені жедел шешу үшін Әуежай өз қаражаты есебінен аталған нысандарға қажетті түнгі және күндізгі белгілер мен құрылғыларды кейіннен нысан иелерінен өтеумен орнатуға дайын”, - деді жауапты мамандар.

Қызылжар мөлтек-ауданда нысандарын айналып өту жұмыстарын Әуежай Абай ауданы әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп атқаруда және жоғарыда аталған жұмыстардың барлығын ағымдағы жылдың шілде айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен бірге, Қазақстанның Авиация әкімшілігі 2022 жылдың 6 маусымынан бастап MKпос281° әуе кемелерінің барлық түрлерін қондыру бойынша жұмысты жоғарыда аталған проблемалық мәселелер шешілгенге дейін тоқтату туралы шешім қабылдады.