Шымкенттегі Белсенді ұзақ өмір орталығында 800-ге жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік көмек алады

0
587

Орталықта зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады.


Шымкенттегі Белсенді ұзақ өмір орталығында 800-ге жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік көмек алады

Шымкент қаласындағы Белсенді ұзақ өмір орталығында 715 зейнеткер арнаулы әлеуметтік көмек алуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар. Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады.
2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жетті. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші, АRT терапия, сурет салу, құмтерапиясы, ерлерге арналған еңбек терапиясы, караоке зал, әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар.
«Ардагерлермен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде орталықта 715 ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтырумен және йогамен айналысады», - дейді орталық басшысы Мауия Сахибекқызы.
Орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай, оларды қоғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде.
Айта кетейік, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ туралы толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.