Шымкенттегі бес канал күрделі жөндеуден өтеді

0
647

3920 үй іргелік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету жақсарады.


Шымкенттегі бес канал күрделі жөндеуден өтеді

Шымкент қаласындағы бес канал күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл қаладағы Чумчак, Көк, Шымкент, Сай ниже водопада, Шапырашты каналдың күрделі жөндеуден өтеді. Нәтижесінде 1 786 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады, 3920 үй іргелік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету жақсарады.
Одан бөлек, өзендердің ластануын және заңсыз құрылыстарды болдырмау мақсатында Қошқар ата, Қарасу, Бадам өзендеріне су қорғау аймақтары орнатылмақ.
Олардың арналарын тазарту, егістік жерлерді суаратын және қала ішінен өтетін су арналарының су өткізу қабілетін жақсарту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 122 шақырым механикалық және 97 шақырым санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.