Шымкентте кинотетарлар өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр

0
1 216

Өткені кәсіпкерлер тап қазіргідей жағдайда жұмыс істеу ешқандай табыс әкелмейді, қайта шығынға батырады деп отыр.


Шымкентте кинотетарлар өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр

Шымкенттегі кинотетарлар жұмысын өздері тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өйткені кәсіпкерлер тап қазіргідей жағдайда жұмыс істеу ешқандай табыс әкелмейді, қайта шығынға батырады деп отыр.

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына сай кинотеатрларға тек 30 процент жүктемемен ғана жұмыс істеу рұқсат етілген болатын. Онда да мерекеде және сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 21.00-ге дейін ғана.

Кәсіпкерлердің айтуынша мұндай талап тынығу және көңіл көтеру орындарының жұмысына мүлдем сай келмейді. Әдетте жұртшылық мұндай орындарға негізінен қолы бос уақытта және демалыс күндері ғана келуіне мүмкіндігі бар. Оның үстіне қазіргі табыс ғимараттың күтімі, күзеті, коммуналдық қызметіне кеткен шығын өз алдына, ең бастысы салаға ең керекті мамандарды ұстап қалуға жетпейді. Осындай қиындыққа тап келген кинотер қожайындары кәсіпкерлер палатасы мен бас санитарлық дәрігердің атына өз өтініштерін жолдады. Жалпы алып шаһарда биылғы жылдың көктеміне дейін 5 кинотеатр жұмыс істеп келген.