​Шымкенттегі “ұрланған” қыз: "Алып қашу" операциясы болған жоқ"

0
2 843

Жігітімен өзара түсініспеушілік орын алған.


​Шымкенттегі “ұрланған” қыз:

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 3 наурыз күні орын алған “қыз алып қашу” операциясының кейіпкері өзіне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің болмағанын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 3 наурызында сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына қаладағы қонақ үйлердің бірінің алдында “Lexus” маркалы автокөлікке белгісіз біреулердің жас қызды мәжбүрлеп салып алып, кетіп қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жетіп, мән-жайды анықтады. Әлеуметтік желілерге жүктелген бейнежазбаның кейіпкері болған 1999 жылы туған азаматша өзінің жігітімен ренжісіп қалғанын және оның көлігіне өз еркімен отырғанын, сондай-ақ ешкімге арыз-шағымы жоқ екенін, куәгерлердің болған жағдайды дұрыс түсінбей, полицияға хабарлағанын жеткізді.