Шымкенттегі жанармай құю бекеті резервуарына найзағай түсті

0
625

Оқиға Тұран ауданы Байтұрсынов көшесінің бойында "ТЅ" ЖМҚС-дағы "Ладушки"кафесінің жанында болды


Шымкенттегі жанармай құю бекеті резервуарына найзағай түсті

Шымкенттегі жанармай құю бекеті резервуарына жай түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 12 мамыр күні сағат 18:57-де болған.
Оқиға Тұран ауданы Байтұрсынов көшесінің бойында "ТЅ" ЖМҚС-дағы "Ладушки"кафесінің жанында болды. Жалпы сыйымдылығы 23 тонна жерасты резервуарына, оның ішінде 11 тонна дизель отыны бар найзағай түсіп, жанармайдың түтенуі пайда болды. Ашық жану болған жоқ. Қорғау мақсатында жану дизель отынын көбікпен сөндіру және цистерналарды суыту жұмыстары жүргізілді. Сағат 19:10-да резервуарды суыту жұмыстары аяқталды. Зардап шеккендер жоқ”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 13 адамы және 2 бірлік техникасы жұмыс атқарды.