Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздік түсірілген видеосы бар Өзбекстан азаматы шекарада ұсталды

0
645

Сондай-ақ оның арқасына тиген оқ жарақаты бар болып шықты.


Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздік түсірілген видеосы бар Өзбекстан азаматы шекарада ұсталды

Қызмет барысында жаппай тәртіпсіздіктер мен тонауға қатыстылығын айқындайтын белгілері бар және заң алдындағы жауапкершіліктен, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерге шығу арқылы жасырынбақ ниеттегі адамдар ұсталуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Түркістан облысына қарасты "Жібек жолы" өткізу пунктінде Өзбекстан Республикасына өтуге әрекеттенген 1993 жылы туған Е. есімді азамат ұсталды.

"Ұсталған азаматтың ұялы телефонынан Шымкент қаласындағы тәртіпсіздіктер орнында түсірілген видеоматериалдар табылды. Сондай-ақ оның арқасына тиген оқ жарақаты бар болып шықты. Шамамен ол резеңке оқтан жарақат алған", - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылған.