Шымкенттік әкімдер 200-ге жуық азаматты мәселелері бойынша қабылдады

0
814

Қала әкімі таңғы сағат 09.00-ден кешкі сағат 21:45-ке дейін 56 азаматты қабылдаған.


Шымкенттік әкімдер 200-ге жуық азаматты мәселелері бойынша қабылдады

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнінде 200-ге жуық шымкенттік тұрғынның өтініші қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, ҚР Президентінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру бойынша ел бойынша «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осы бастаманың аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов пен аудан әкімдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Оның ішінде қала әкімі таңғы сағат 09.00-ден кешкі сағат 21:45-ке дейін 56 азаматты қабылдап, бүгінгі таңда мәселелер мемлекеттік бағдарламалар аясында шешіліп отыр. Дегенмен, шешімін таппай жатқан мәселелер де баршылық. Осының бәрін тұрғындардың аузынан естіген шаһар басшысы көтерілген әр мәселе заң шеңберінде қаралып, шешілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, қабылдауда Ерлан Қуанышұлы тұрғындармен ашық диалог құрып, Шымкенттің алдағы даму жоспарымен де бөлісті және азаматтардың қаланы дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан ең көп жолданған сауалдардың басым бөлігі тозығы жеткен жол мен қоғамдық көлік, ауызсу, газ, баспана кезегі және жылу мәселесіне қатысты болған.

Сондай-ақ, әкімге жұмысқа орналасу жөніндегі сұрақтар да қойылып, әр тұрғынның сауалын тыңдаған Е.Айтаханов оларды шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, аталған лауазымды тұлғалар бір күнде 200-ге жуық азаматты қабылдап үлгерген. Ал, осы күні қабылдауға кіруге үлгермеген азаматтар келесі аптада қосымша қабылдауға кіретін болады.