Шымкенттік балуан Азия чемпионатының жүлдегері атанды

0
438

Ол Қырғызстан, Жапония және Оңтүстік Корея елінің спортшыларынан басым түсті.


Шымкенттік балуан Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Ұланбатырда (Моңғолия) күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарысты алдымен грек-рим күресі балуандары бастады.

Кеше, жарыстың бірінші күнінде бес отандасымыз жүлдегер атанды. Ұлттық құрама сапында аса ауыр салмақта белдескен жерлесіміз Әлімхан Сыздықов чемпионатта топ жарды.
Шымкент қаласының балуаны Қырғызстан, Жапония және Оңтүстік Корея елінің спортшыларынан басым түсті. Өткен жылы құрлық біріншілігінде күміс жүлдегер атанған еді. Әлімхан биылғы чемпионатта үздік екенін дәлелдей білді. Жалпы отандық спортшылар биыл Жазғы Азия ойындарына дайындық жүргізуде.
Айта кетсек, бүгін Азия чемпионатында 67 келіде тағы бір жерлесіміз Мейіржан Шермаханбет бақ сынайды.