Шымкенттік дәрігерлер Испанияда білім алады

0
1 207

Тәжірибе алмасу Барселона қаласындағы медициналық ұйымдарда өтеді.


Шымкенттік дәрігерлер Испанияда білім алады

Шымкент қалалық кордиологиялық орталық пен Испаниялық компания меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін қалалық кардиологиялық орталықта Шымкенттегі медициналық ұйымдардағы материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында Испания еліндегі «Iberhospitex S.A.» компаниясымен меморандумға қол қойылды.


Аталған орталықтың директоры Ермағамбет Мұханұлының сөзіне сүйенсек, екі жақты келіссөздер нәтижесінде Шымкенттік дәрігерлер Испания мемлекетінде, Барселона қаласындағы медициналық ұйымдарда тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдайтын болады.

«Бұл меморандум біздің мамандардың ары қарай дамуына септігін тигізеді және аталған компания өкілдері Шымкенттегі кардиологтарға арнап мастер-класстар, конференциялар мен семинарлар өткізеді. Сонымен қатар, қалалық кардиологиялық орталықтың бірнеше мамандары шет елге барып білім алады», - деді меморандумға қол қойған Ермағамбет Қуатбаев.


Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкенттік дәрігерлер Еуропа елдеріндегі үздік медициналық технологияларды қолдана отырып, күрделі оталар жасауды іске асырып жатыр.