Шымкенттік дзюдошылар Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

0
427

13-20 қазан аралығында Словенияның Градец қаласында дзюдодан Еуропа кубогы бәсекесі өтті.


Шымкенттік дзюдошылар Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Шымкенттік дзюдошылар Еуропа кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

13-20 қазан аралығында Словенияның Градец қаласында дзюдодан Еуропа кубогы бәсекесі өтті.
Бұл сында ҚР жасөспірімдер командасы 7 алтын, 10 күміс және 9 қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы аталған турнирде үздік нәтиже көрсетті.
Команда сапында Шымкент қаласының дзюдошылары 2 алтын жүлдені иеленді.
Атап айтқанда, 55 келіде Талғат Орынбасар, 60 келіде Аян Байкенжиев алтын жүлдеге қол жеткізді.