Шымкенттік каратист Әлем чемпионы атанды

0
626

Әлемнің үздік каратистері қатысқан турнирде финалда Софья Берульцева испандық Мария Торрес Гарсияға қарсы татамиге шықты.


Шымкенттік каратист Әлем чемпионы атанды

Шымкенттік каратист Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

АҚШ Бирмингем қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік ойындарда каратэ бойынша Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Софья Берульцева жеңімпаз атанды.
Әлемнің үздік каратистері қатысқан турнирде финалда Софья Берульцева испандық Мария Торрес Гарсияға қарсы татамиге шықты. Шымкенттік спортшы 68 килограмнан астам салмақта өз шеберлігін көрсетіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, 2022 жылдың алты айында қала спортшылары Қазақстан республикасының чемпионттары мен біріншіліктерінде спорттың 71 түрінен 416 - алтын, 372 - күміс, 398 - қола медаль жеңіп алды. Қалада жалпы алғанда 71 спорт түрін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 37 - олимпиадалық, 34 - олимпиадалық емес спорт түрі. 2022 жылдың алты айында қала спортшылары Қазақстан республикасының чемпионттары мен біріншіліктерінде спорттың 71 түрінен 416 - алтын, 372 - күміс, 398 - қола медаль жеңіп алды. Сонымен қоса, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 39 - алтын, 18 - күміс және 24 - қола медальге ие болды. Ал, Әлем чемпионаттарында 28 - алтын, 15 - күміс, 8 - қола еншіледі.

Шымкент қаласында 2021 жылдың II- жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. 2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 миллион теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын. Бүгінгі күні мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 85 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтті. Қазіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша ата-аналардан 17 спорт түрі бойынша жалпы саны 22 536 өтінім түсіп, 17 234 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды.