​Шымкенттік құтқарушылар төрт бүлдіршінді аман сақтап қалды

0
767

Құтқарушылар үйде қараусыз қалған балаларды ата-анасына тапсырды.


​Шымкенттік құтқарушылар төрт бүлдіршінді аман сақтап қалды

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында балаларды құтқару фактісі екі рет тіркелді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі жағдайда да бүлдіршіндер пәтердің ішінде қамалып қалған. Сағат 12.06-да «112» номіріне көпқабатты үйдің бір пәтерінде 3 бала қамалып қалғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Анасы есікті аш алмаған. Оқиға орнына құтқару бөлімшесі шығып, слесарлық аспаптардың көмегімен есікті сыртынан ашты. Пәтердің ішінде ересек адамдардың қарауынсыз қалған балалар болған. Құтқару операциясы аяқталған соң, көп ұзамай жас балаға көмек көрсету туралы тағы да бір қоңырау келіп түсті. 2 жасар бүлдіршін үй есігі ішкі жағынан жабылып қалғандықтан есікті аша алмаған. Оған қоса, газ плитада тамақ дайындалып жатқан екен. Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кірген. Құтқарушылар пәтерде баланы тауып, оның аман-сау екендігіне көз жеткізді. Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқарушылар баланы анасына тапсырып, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.