Шымкенттік медицина мамандары республикалық сайыста топ жарды

0
353

Спортттық сайысқа еліміздің барлық өңірінен жиналған медицина мамандары қатысты.


Шымкенттік медицина мамандары республикалық сайыста топ жарды

Шымкенттік медицина мамандары республикалық спорттық сайыста топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тараз қаласында медицина қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Республикалық сайыста Шымкент қаласы топ жарып, жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынға иеленді.

Спортттық сайысқа еліміздің барлық өңірінен жиналған медицина мамандары қатысты.

Шымкент қаласы бойынша спартакиадаға 31 медицина маманы қатысып, жоғары нәтижеге ие болды.

Республикалық сайыста қаланың атынан қатысқан ақ халатты абзал жандар футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, бильярд спортынан сайысқа түсіп, жүлделі орынға ие болды. Салауатты өмір салтын ұстанатын медицина мамандары осылайша байрақты бәсекеде оң нәтиже көрсетіп, көпшілікке үлгі көрсетті.

Айта кетейік, қаламызда балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде. Жалпы тәуліктік балалар төсек-орын саны - 391, күндізгі төсек орын саны - 101. Осы жылдың 6 айында оңалтудан өткен жалпы бала саны – 3 773. Өткен жылмен салыстырғанда 865 балаға көп. Тәулік бойы стационарда 2 842, күндізгі стационарда 931 бала оңалтудан өткен. Шымкент қаласындағы оңалту емін жүргізетін оңалту орталықтары мультитәртіпті команда, реабилтолог дәрігерлер, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевтер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ түзету педагогтары (ойын, музыка терапевттерімен, монтессори-терапия мамандарымен қамтамасыз етілген.

Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 пайыз.Қалада алты ай ішінде 2938 медициналық қызметкерлер шет елде және республикалық орталықтарында біліктілігін арттырған. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды.