Шымкенттік полицейлер 200-ге жуық тұрғынның мәселелерін шешіп берді

0
966

Тұрғындар әкімшілік айыппұл бойынша және полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттармен қамтылған.


Шымкенттік полицейлер 200-ге жуық тұрғынның мәселелерін шешіп берді

Шымкент қаласының Полиция департаментімен Абай ауданы Жаңаталап елді мекенінде кезекті «Жолда қабылдау» акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі Жаңаталап елді мекенінде халықтың сұрақтары мен мәселелерінің жедел шешімін тауып, кеңес беру мақсатында ұйымдастырылған шара 2019 жылғы 5 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жалғасты.

Сондай-ақ, акцияда әкімшілік полиция, көші-қон, учаскелік полиция инспекторлары мобильдік қабылдау жүргізіп, мобильді топтар жұмыс атқарды. Сонымен қатар, іс-шара барысында тұрғындар әкімшілік айыппұл бойынша және полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттармен қамтылды.

Айта кетейік, аталған акцияға 200-ге жуық азамат жүгініп, қойған сұрақтарына жауабын алған және өз мәселелерінің шешімін тапқан.