​Шымкенттік полицейлер Тәуелсіздік күнін атап өтті

0
792

Мерекелік іс-шараға департаменттің жеке құрам қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, полиция ардагерлері қатысты.


​Шымкенттік полицейлер Тәуелсіздік күнін атап өтті

Бұл жылы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара цирк қабырғасында өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.М.Жумаханбетов мерекелік іс-шараны ашып, жеке құрамды еліміз үшін атаулы мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барлығына зор денсаулық және жедел-қызметтік істеріне табыс тіледі.

Мерекелік іс-шараға департаменттің жеке құрам қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, полиция ардагерлері қатысты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін 70-ке жуық ішкі істер органдары қызметкерлері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен 11 қызметкер, Департамент бастығының бұйрығымен 58 қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Департамент бастығы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға көрсеткен көмегі үшін суретші Ибрагимов Нұрсейіт Әлімбайұлын мақтау қағазымен және №4 балалар үйінің директоры Тастыбаева Нұрсәуле Бегулиқызын тәрбиеленушілерге деген шексіз қамқорлығы мен олардың шығармашылық дамуына жақсы жағдай жасағаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Іс-шара №4 балалар үйінің өнерлі тәрбиеленушілері, полиция қызметкерлерінің және цирк әртістерінің қатысуымен мерекелік концертке ұласты.