Шымкенттік шағынаудан жарық, жол, сумен қамтылады

0
1 035

Жобаға 2675 тұрғын үй немесе 11 мың адамды қамтамасыз ету енген


Шымкенттік шағынаудан жарық, жол, сумен қамтылады

Шымкент қаласы Асар-2 шағынауданында электр жарығымен қамту, жол құрылысы жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан шағынауданға арнайы барған Шымкент қаласының әкіміне жауапты мамандар баяндады. Сала жетекшілерінің мәліметінше, 2019 жылдың қыркүйек айында шағынауданға электр жарығы беріле бастайды. Шымкент қаласы Асар-2 шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысы бойынша мердігер мекеме «Ремстрой Алматы» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жобаға сәйкес 2 765 тұрғын үй немесе 11 мың адам электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Айта кетерлігі, жоба бойынша мұнда 87,1 км электр желісі тартылып, 24 дана КТПН және 1 дана РП орнатылады.


Сонымен қатар, қазіргі таңда аталған шағынаудан көшелеріне жол салынуда және биыл күзде жол құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, ауыз сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында магистралдық және ішкі орамдық жүйелерін жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданған. Жобаға сәйкес 2765 тұрғын үй немесе 11 мың адам ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 156 шақырым ауыз су жүйесі тартылады.

Ал табиғи газбен қамтуға тоқталсақ, «Улмад» ЖШС жобалау жұмыстарын жүргізуде. 2019 жылы жобалау жұмыстарын, 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жоспарланған.