Шымкенттік "сыра падишахымен" байланысқан бұрынғы полиция бастығына сот үкімі шықты

0
1 153

Оның кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені есепке алынып, ең минималды жаза кесілген.


Шымкенттік

Бұрынғы ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) ІІД криминалды полицияның бастығына шымкенттік экс-олигарх, "сыра падишахы", бүгінде түрмеде жазасын өтеп жатқан Тоқтар Төлешовпен байланысқаны үшін сотты болып, оған үкім шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотында криминалды полицияның бұрынғы бастығы Оңдасынов К. М.-ға ҚР ҚК нің 361 бабының 4-ші бөлігі 1-ші тармағымен кінәлі деп танылды.

Жоғары шенді экс-полицейге сыбайлас жемқорлығы үшін айып тағылған. Нақты айтқанда, криминалды полиция қызметкерлері негізгі міндеттерін орындаудың орнына К.Оңдасыновтың бұйрығымен Төлешовке қауіп төндіргендерді іздеумен айналысқан.

Сот К.Оңдасыновқа 1 жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімімен полиция полковнигі шенінен, мемелекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталушыға ҚР ҚК нің 361 бабының 4-ші бөлігімен айып тағылған. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"Сотталушы К.Оңдасыновтың кәмелетке толмаған 4 баласының бар екендігі, бұрын сотты болмағандығы ескеріліп, сот ең минималды жаза тағайындады," - деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.