Шымкенттік тұрғын ауласындағы өсімдіктердің арасында «сора» өсірген

0
752

Күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін сотты болған.


Шымкенттік тұрғын ауласындағы өсімдіктердің арасында «сора» өсірген

Шымкент полицейлері өз ауласында өсімдігін өсіріп келген жергілікті тұрғыннан 636 түп «сора» тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз үйінде ірі көлемде құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірген азаматты анықтаған. Ол - 1965 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты.
"Күдіктіні ұстау және заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелеу шараларына Қаратау АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі №67 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары мен Патрульдік полиция полкінің №852 экипаж қызметкерлері қатысты. Тексеру барысында 57 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 47,5 кг құрайтын 636 түп есірткі өсімдігі тәркіленіп алынды", - делінген баспасөз хабарламасында
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі өсімдігі «сора» тұқымына жататыны анықталды.
Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін сотты болған.