Шымкенттік ұстаз «Қазақстанның ұлағатты ұстазы» төсбелгісінің иегері

0
615

Үздік маман еңбекқорлығымен, жаңашылдығымен дараланады.


Шымкенттік ұстаз «Қазақстанның ұлағатты ұстазы» төсбелгісінің иегері

Шымкенттік мұғалім шәкірттерінің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер ұйымдастырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы № 98 жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жорабек Исраилов – өз ісінің білгір маманы. Шәкірт жанын түсіне білетін шығармашыл ұстаз. Сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жеткен жетістіктері мол.
Осыдан жеті жыл бұрын «Білім беру ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған. «Қазақстанның ұлағатты ұстазы» төсбелгісінің иегері мемлекеттік білім беру бағдарламаларының орындалуына, жаңа технологияларды пайдалануға ерекше мән береді.
Шәкірттерінің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер ұйымдастырып келеді. Үздік маман еңбекқорлығымен, жаңашылдығымен дараланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандардан ешқашан көмегін аяған емес.
Жорабек Сайрамбайұлының ағылшын тілі пәнінен өткізілген республикалық, қалалық олимпиадаларда шәкірттері оза жауып жеңімпаз атанып келеді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шығармашылық табыстарға жеткен жаңашыл ұстаздың білім саласына қосар үлесі әлі де көп.