Шымкенттік жастар ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

0
540

Кездесу барысында ардагерлер жастарға ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқаты туралы баяндады.


Шымкенттік жастар ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастары ауған соғысының ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастырып, батырлық қасиеттерді сіңіру, сұрапыл жылдарда от кешкен майдангер батырлардың ерлік жолын насихаттау.

Осы орайда Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта мектебінің жастары ауған соғысы ардагерлері, ардагерлер ұйымының мүшесі Меңдібаев Сүндет Үсенбайұлы және Ходжиев Раушан ағаларымен кездесті.

Кездесу барысында ардагерлер жастарға ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашып, оқиғаға қатысқан майдангерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу мақсатында тағылымы мол тәрбиелі әңгімелерін жеткізді.
Ауған соғысы - Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл болды. Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 269. Шымкенттен 700-ден аса азамат қан майданға аттанған. Оның ішінде 21 жерлесіміз елге қайта оралмаған.
Айта кетейік, Еңбекші ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен Тоғыс елді-мекені жастарының қатысуымен «Karaoke Party» кеші өтті.
Іс-шара шалғай елді-мекенде орналасқан жастарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және шығармашылықтарын шыңдау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Кешкі уақытта ұйымдастырылған іс-шараға елді-мекен жастары қатысып, түрлі ән айтып, көңіл көтерді. Өз кезегінде елді-мекен тұрғындары ұйымдастырушыларға алғысын айтып, алдағы уақытта да осындай көңілді кештер көптеп өтсе екен деген тілектерін жеткізді.