Шымкенттік жастар есірткіге қарсы профилактикалық шараларға қатысуда

0
694

Есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін кез-келген азамат заң аясында жауапкершілікке тартылады.


Шымкенттік жастар есірткіге қарсы профилактикалық шараларға қатысуда

Шымкент қаласының жастары мен қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірге есірткіге қарсы профилактикалық шаралар өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нашақорлықтың кеселі қоғамға өзінің кесірін аз тигізбей тұр. Саналы ұрпақтың миын улап, әлеуметтік желілер арқылы зиянды заттарды тықпалайтындар да аз емес. Десе де, қоғам мен ел болып, бұл індетке қарсы тұру парызымыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында осы мәселе туралы: «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деген еді.
Осыған орай, Шымкенттік жастар, қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе отырып, қаладағы адамдар көп шоғырланатын орында профилактикалық шаралар өткізуде. Мәселен, шахардағы сауда нүктелерінде болып, есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Соынмен қатар, Түркістан және А.Байтұрсынов көшелері бойында адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық түрде әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертіп, жадынамалық парақшалар таратты.
Еске сала кетейік, есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін кез-келген азамат заң аясында жауапкершілікке тартылады.