Шымкенттік жігіттер Гиннестің рекордтар кітабына енуге жақын тұр

0
1 618

Тіпті, шебер жігіттер бірнеше номинацияны көздеп отыр.


Шымкенттік жігіттер Гиннестің рекордтар кітабына енуге жақын тұр

Шымкенттік автомеханиктер бұзылған автокөліктердің бөлшектерінен керемет туындылар жасап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттік жігіттер фантастикалық фильмдердің өзгеше роботтарымен, көліктің кабинасы сияқты етіп жасаған кеңселерімен танымал болып үлгерген. Мысалы, олар жасаған ерекше кеңседегі үстел BMW көлігінің капотынан, орындығы – Mersedes көлігінен алынған, ал жарықшам цилиндрдің қалпақшасынан, киім ілгіш – коленвалдан және тежегіш дискісінен жасалған. Содай-ақ, автомеханиктердің ерекше қиялы арқылы Lexus бөлшегінен серіппелі орындық, ал шинадан жиһаз жасалыпты. Бұған қоса олар дөңгелектерді құрылыс материалы ретінде де қолданбақ.

Олар енді Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін комиссияларды шақыруды жоспарлап отыр. Ал көздеген номинациялары бірнеше: «Автобөлшектерден жасалған ең биік трансформер», «Капоттан жасалған шатыр», «Шиналардан жасалған шатыр, үйдің төбесі мен қабырға», «Резіңкеден жасалған жиһаз». Сонымен қатар, жазда бұл жігіттер қала тұрғындарына шинадан құрастырылып, шинадан жасалған жиһаздармен жабдықталған ерекше ғимаратты ұсынуды жоспарлап отыр екен.

Дейін:

Ал, жігіттердің ерекше мақтанышы – өз қолдарымен жиналған «Нива» қорғанышты көлігі. «Терминатор» фильміндегі көліктерге ұқсас етіп құралған темір тұлпарды тұтас жасап шығатын кезде қажет бөлшектерді басқа қалалардан арнайы тапсырыспен алдырыпты.

Кейін:

дереккөз: elitar.kz