Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуында динамикалық өсім бар

0
259

​ Халықты жұмыспен, тұрғын үймен қамтуда, инженерлік-инфрақұрылымды дамытуда, абаттандыруда атқарылған жұмыстар да ауқымды.


Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуында динамикалық өсім бар

ERNUR.KZ. Шымкентте жл қорытындыланған бүгінгі сессияның күн тәртібінде қала әкімінің жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі қаралды.

Қала басшысы Ғабит Сыздықбеков мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, басымдық берілген салаларда атқарылған жұмыстарды баяндады.

“Биыл қала экономикасына 622 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 73 млрд теңгеге артты. Оның ішінде 80 пайызы жеке инвестиция есебінен. Алдағы уақытта инвестиция көлемін одан әрі арттыру мақсатында, жалпы сомасы 1,6 трлн теңгені құрайтын 224 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Нәтижесінде, 33 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Біздің басты мақсат - инвесторларға қолайлы жағдай жасап, экономиканы әртараптандыру. Бұл бағытта импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған жобаларды жүзеге асыратын инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізудеміз”,– деді қала әкімі.

Халықты жұмыспен, тұрғын үймен қамтуда, инженерлік-инфрақұрылымды дамытуда, абаттандыруда атқарылған жұмыстар да ауқымды. Сондай-ақ қала басшысы мегаполисті дамытуда, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруда, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда депутаттарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Сессия барысында мәслихат депутаттары тарапынан көшелерді жарықтандыру, жасыл желекті көбейту мәселелері бойынша сауалдар қойылды. Депутаттар тарапынан қала әкімінің есебі оң бағаланып, бірауыздан бекітілді. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер халық қалаулылары тарапынан қолдау тапты.

Сессия соңында бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Нұрасыл Төлебек пен оның жаттықтырушысын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Жеңімпазға алғыс хат және 1 млн теңге қаржылай сыйақы табыс етілді. Жеке бапкері Думан Байтелиевке қаржылай сыйақы берілді. Ал қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.