"Таққа талас": Шымкентте бір мектептің екі директоры бар (видео)

0
1 360

Ата-аналар мен мұғалімдер оқу ордасында болып жатқан жағдайды шешіп беруді талап етуде.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте бір мектептің қос директоры бар. Қаладағы №125 оқу орнының ата-аналары және мұғалімдері бұл жағдайды мүлдем түсіне алмайды. Себебі, оқушылардың аттестатында бірінші директордың қолы тұрса, ал табельде екінші басшының аты-жөні жазылған. Мұнымен оқу ордасындағы былық бітер емес, қит етсе ақша жинауды әдетке айналдырып алған директор барлығын мезі қылып бітірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қаладағы білім басқармасының алдына жиналған №125 мектептің ата-аналары мен мұғалімдері оқу ордасында болып жатқан жағдайды шешіп беруді талап етуде. Ондағы мәселелері - бір мектепте екі директордың жайғасып алғандығында. 2017 жылдан бері мектеп басшысы болып келе жатқан Әсет Сатыбалдиевтың үстінен іс қаралып, ағымдағы жыл өз еркімен жұмыстан кеткен екен. Ал, оның орынына келген директор бар-жоғы жарты жыл жұмыс істеген. Өткен апта оған білім басқармасынан ескертусіз келіп, қайтадан Әсет Сатыбалдиевтың директор болатыны айтылған. Бірақ, тек ауызша түрде.
«Мен ол туралы мүлдем бейхабар болдым. Қалалық білім басқарамасынан хабарлады осындай-осындай жұмыс орнындасыз ба деді. Ия дедім. Не мәселе деген едім. Осындай директорды Сатыбалиевты апарып тағайындаймыз деді. Бір сағат көлемінде келді тағайындап кетті. Ешқандай құжатқа қол қойған жоқпын. Бірақ, бүгінгі таңда азанғы 10-да звандады қалалық білім бөлімінің басқармасынан кадр бөлімі. Келіп бұйрыққа қол қойып кетіңіз деді. Мен қазір стоционардамын дедім. Пока одан шықпайынша ешқайда қол қоймаймын», дейді №125 мектептің директоры Арапбай Урисов.
Ал, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар Әсет Сатыбалдиевтың қайтадан директор болып келуіне үзілді-кесілді қарсы. Себебі, ол білім беру мекемесінің басшысы болған кезде ақша жинауды әдетке айналдырып алды дейді мұғалімдер. Ал, мектепті тәмамадаған оқушылардың ата-аналары аттестат пен табельде екі директордың қолы тұрғанына наразы.
«Қызымның соңғы емтиханынан кейін табель дайын болған. Бірақ, енді дүйсенбі бізде шақырғанан кейін аттестатта басқа фамилия тұр. Кімнің фамилиясы тұр? Сатыбалиевтің фамилиясы тұр. Табелде Урусовтың фамилиясы тұр. Енді менің қызымның болашақта оқу орнына түсу үшін бұл әсер ете ма етпей ме? Ата-аналар тарапынан сондай түсініспеушілік болып тұр», дейді Кәмшат Жақыпбаева.
Ал, жақында қайта директор болған Әсет Сатыбадиев оқу ордасында барлығы тыныш, әдеттегі бойынша жұмыс істеп жатырмыз деуде. Тек денсаулығының нашарлауына байланысты жұмыстан кетіп, кейін қайта келіпті. Сонымен қатар, осы күнге дейін бірде-бір ұстаздан бақыр тиында алмағанын айтады.
"Иә, мен денсаулығыма байланысты өтініш бергем, сотқа беріп қайтадан өз орныма келдім. Сот шешімімен кешеден бастап жұмыс бастап жатырмын", дейді №125 мектептің директоры Әсет Сатыбалдиев.
Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева да Сатыбалдиевтің орнына қайтадан директор болып кетуіне қарсымын деп отыр. Сондықтан жоғарғы сотқа касациялық шағым түсіріпті. Онымен қоса, екінші директор да оңайлықпен берісмпеймін деп білек сыбана кірісіп отыр. Қалай болғанда да шиеленіскен мәселенің шешімін енді соттағылар шешетін болады.