«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Шымкенттіктер экологиялық акция белсенді қатысуда

0
261

Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков де қатысты.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Шымкенттіктер экологиялық акция белсенді қатысуда

8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.

Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті.
Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.
Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында барлық аудандар мен елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізілді.
Солардың бірі Әл-Фараби ауданы аумағында өткізілді. Аудан тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағы аумақтарын, «Қошқар ата» өзені жағалауын, алаңдағы жол үсті көпірін, «Жер Ана» монументін, аялдамаларды жуу мен тазалау, ағаштардың түбін әктеу, шөптерді ору, абаттандыру жұмыстарын жүргізілді.
Жалпы, тазалық жұмыстарына 4500-нан астам адам қатысып,, 56 арнайы техника жұмылдырылды,10,6 шақырым аяқ жолды тазаланып, 5500 дана ағаш әктеу және қырқу жүргізілді. 85 м3 қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.
Іс-шараға қала әкімі - Ғ.Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы -Б.Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – К.Төлебаев, белгілі опера әншісі М.Мұхамедқызы, қоғам белсендісі - А.Бесбаев, «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорының жетекшісі – А.Мәуленов, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар, еріктілер және басқа да азаматтар белсенді атсалысты.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.