Үшінші мегаполисте карантин шаралары күшейтілді

0
537

Жаңа қаулы 26 шілде күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Үшінші мегаполисте карантин шаралары күшейтілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.

Жаңа қаулыға сәйкес, мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды.

АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері қалыпты режимде жұмыс жасайды. Моншалар қалыпты режимде, сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

Сонымен қоса, ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық естелік іс-шараларға тыйым салынды.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер сағат 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.

Осы қаулы 26 шілде күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.