Үшінші мегаполисте карантин жеңілдеді

0
631

Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Үшінші мегаполисте карантин жеңілдеді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев 13 желтоқсаннан бастап бұрын қабылданған қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы" Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 26 қазандағы №33 қаулысына мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін" - делінген құжаттта.

Жаңа қаулыға сәйкес, театрларға, кинотеатрларға, концерт залдарына, филармонияларға, компьютер клубтарына, цирктерге "жасыл" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің 80 пайызы кіре алады.

Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Шымкент қазір коронавирус таралуы бойынша "жасыл" аймақта орналасқан. Өткен тәулікте қалада коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелді.