"Жаһанның жыр Жамбылы": Шымкентте сарбаздардың қатысуымен әдеби кеш өтті

0
1 797

Кеш барысында сарбаздарға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында толық мағлұмат берілді.


Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 6506 әскери бөлімінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жаһанның жыр Жамбылы" атты ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеш барысында сарбаздарға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында толық мағлұмат берілді.

Сонымен қатар, қатысушылар Жамбылдың «Ленинградтық өренім!», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Майданға хат» атты өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық рухын көтеріп, ақынның шығармашылығына қызығушылық танытып жатты.