«Жартас-Антитеррор-2021»: Шымкентте жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізіліп жатыр

0
1 111

Оқу іс-шарасын өткізу барысында шектеу шаралары, оның ішінде автокөліктің қозғалысын шектеу де қарастырылған.


«Жартас-Антитеррор-2021»: Шымкентте жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізіліп жатыр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте 11 қарашасы күнінің алғашқы жартысында ҚР Антитерротеррористік орталығының бастамасымен антитерротеррористік іс-қимылдарға қарсы «Жартас-Антитеррор-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараның мақсаты - терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шымкент қалалық жедел штабы мүшелерінің, олардың жедел топтары мен арнайы бөлімшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы, терроризм актілерінің жолын кесу барысындағы жағдайды бағалаудағы іс-жүзіндегі дағдылары мен шеберліктерін арттыру.
Жаттығулар әртүрлі күрделі тәсілдерді қолдана отырып, жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған. «Жартас-Антитеррор-2021» оқу іс-шарасын өткізу барысында шектеу шаралары, оның ішінде автокөліктің қозғалысын шектеу де қарастырылған.