«Жастар ізгі қоғам айнасы»: Шымкентте танымдық форум өтті

0
398

Форум барысында деструктивті діни ағымдардан сақтануға қатысты баяндамалар жасалды.


«Жастар ізгі қоғам айнасы»: Шымкентте танымдық форум өтті

Шымкент қаласы әкімдігі, ардагерлер кеңесі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлының қатысуымен «Жастар ізгі қоғам айнасы» тақырыбында рухани - танымдық форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Форумың мақсаты азаматтардың әсіресе жастардың әлеуметтік-қоғамдық өмірге белсенді араласуын, олардың ортақ мақсатқа жету жолында күш біріктіруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі құндылықтарды сіңдіре отырып, рухани- танымын өсіруге бағытталған.
Форумда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, ҚМДБ Шымкент қасалы бойынша өкілдігі бас имамының орынбасары Ақтамберді Мұсабек жастарға арнап сөз сөйледі. Сондай-ақ, форум барысында дін мен дәстүрге, бала тәрбиесіне, деструктивті діни ағымдардан сақтануға қатысты тақырыптарда баяндамалар жасалды.
Іс-шара соңында форумда ұсынылған бастамаларды қолдай отырып, мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі үшін, жастарды заманға сай білім алуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, жат діни ағымдардан сақтануға, рухани- танымды дамытуға шақырып, үндеу жарияланды.