"Жеңіс күні": Шымкентте ардагерлерге бір реттік әлеуметтік төлем аударылады

0
529

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге 1 242 000 теңгеден беріледі.


Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 360 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ардагерлер есеп шоттарына 1 242 000 теңгеден аударылады. Сондай-ақ, жергілікті майдангерлерге коммуналдық қызметтер төлеміне жеңілдіктер берілген. Ардагерлерге кезектен тыс санаторлық-курорттық емделуге жолдама беріледі.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында мәслихат шешіміне сай тыл ардагерлеріне 12 АЕК немесе 41 400 теңгеден төленеді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 3 ҰОС ардагері және 2183 тыл ардагері, 87 279 зейнеткер тұрады.