Зорлықшымен селфи: Шымкенттік полицей түсірген суретке байланысты тексеріс басталды

0
1 724

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының ұсталған адаммен түскен селфи суреті тарап, кеңінен талқылануда.


Зорлықшымен селфи: Шымкенттік полицей түсірген суретке байланысты тексеріс басталды

ERNUR.KZ. Шымкентте егде жастағы әйелді зорламақ болған күдіктіні ұстап, онымен селфиге түскен полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады, деп жазады zakon.kz.


- Бұл қызметкерге қатысты қызметтік аудит басталды. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады, - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының ұсталған адаммен түскен селфи суреті тарап, ол кеңінен талқыланды.
17 желтоқсанда ер адам подъезге кірген егде жастағы әйелді зорламақ болды. Бірақ қаскөй өз әрекетін соңына жеткізе алмай қалды, сырттан абыр-дабыр естілді ме, ол орнынан тұрып, тұра қашады.
20 желтоқсанда Шымкентте әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тіркелген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.