Видеоға түсіп қалған: Шымкентте 70 жастағы әйелді зорламақ болды

2
1 954

Күдіктінің бұған дейін бірнеше рет сотты болғаны анықталды.


Видеоға түсіп қалған: Шымкентте 70 жастағы әйелді зорламақ болды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болып жатқан әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"2020 жылдың 17 желтоқсанында шамамен сағат 23:15-те Еңбекші аудандық Полиция басқармасының кезекші бөлімінің "102" сымтетігіне қарт әйелге көмек керек деген шақырту келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз тұлға 1950 жылы туылған әйелді зорламақшы болғанын анықтады.
Сол күні аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі-120-бабы 1-бөлігі (зорлауға әрекет ету) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қабылданған шаралардың арқасында күдікті адамның жеке басы анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотты болған. Күдікті адамды ұстауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.


Видеодан подъезге кірген ер адамның әйелді артынан келіп буындырып, есінен тандырғанын көруге болады. Одан кейін қаскөй әйелдің шалбарын шешуге ұмтылады, осы жерден бақылау камерасына түсірілген видео үзіледі.

Оқиға "Қазақтелеком" АҚ-ның көмегімен үйдің кіреберісінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған бейнебақылау камерасы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.