16 жастағы қазақ баласы Australian Open Juniors турнирінде сенсация жасады

0
641

Әмір Ғабитұлы Омарханов 17 қараша 2007 жылы Қарағандыда туған.


16 жастағы қазақ баласы Australian Open Juniors турнирінде сенсация жасады

ERNUR.KZ. Аустралия ашық біріншілігінің жасөспірімдер арасындағы сайысының бірінші айналымында Қарағанды тумасы Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны ұтып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Алғашқы сетті кортқа үйреніспеген жерлесіміз 0:6 ұпайымен беріп қойды. Алайда екінші және шешуші үшінші сетте 6:3, 6:3 есебімен Үлкен Дулыға турнирінің екінші айналымына өтті.

Әмір Ғабитұлы Омарханов 17 қараша 2007 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Дәл қазір Джоковичтің Отаны Сербия астанасы Белград қаласында жаттығады.