ӘЧ-2022 барлық қатысушылары белгілі болды

0
381

Катардағы футбол тойына жолдаманы соңғы болып Коста-Рика мен Жаңа Зеландия құрамалары сарапқа салды.


ӘЧ-2022 барлық қатысушылары белгілі болды

ERNUR.KZ. Футболдан әлем чемпионатына қатысатын барлық команда белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.

Катардағы футбол тойына жолдаманы соңғы болып Коста-Рика мен Жаңа Зеландия құрамалары сарапқа салды. Нәтижесінде негізгі уақытта костарикалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, араба әлеміндегі алғашқы мундиальға шықты.

Еске салайық, Катардағы футбол тойы қараша айының 21 мен желтоқсан айының 18 аралығғы өтеді.

Төменде әлем чемпионатының топтық кезеңінде кездесетін комадалар:

А тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды.

B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс.

C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша.

D тобы: Франция, Аустралия, Дания, Тунис.

E тобы: Испания, Коста-Рика, Германия, Жапония.

F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия.

G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун.

H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.