ӘЧ-де антирекорд орнатқан даулы төреші футболдан кететін болды

0
613

Ол кәсіпқой деңгейдегі матчтерге 13 жыл төрелік етіп келеді.


ӘЧ-де антирекорд орнатқан даулы төреші футболдан кететін болды

ERNUR.KZ. Испаниялық арбитр Антонио Мигель Матеу Лаос маусым біткен соң карьерасын аяқтамақ, деп жазады vesti.kz.

45 жастағы төреші мұндай шешімге қалай келгені айтылмайды. Ол кәсіпқой деңгейдегі матчтерге 13 жыл төрелік етіп келеді.

Лаос ФИФА арбитрі және 2022 жылғы әлем чемпионатында төрелік еткен. Ширек финалдағы Нидерланды - Аргентина (2:2, пенальти бойынша 3:4) матчінен кейін ол футболшылар мен сарапшылар тарапынан үлкен сынға ұшырады. Бұл ойын кезінде бірнеше рет жанжал туған еді. Осылайша, бұл матч Катарда өткен мундиальдағы ең дөрекі ойын болды - Лаос 17 сары қағаз көрсетіп, Катардағы футбол тойының антирекордын орнатты. Осыдан кейін арбитр әлем чемпионатынан шеттелген еді.

Испанияға оралған төреші Ла Лиагның 15-турындағы "Барселона" - "Эспаньол" (1:1) матчінде тағы да 15 сары қағаз көтерді де, тағы сынға ұшырады.

Кейінгі рет Лаос Испания кубогіндегі "Линареспен" матчтен (5:0) "Севильяның" бас бапкері Хорхе Сампаолиді алаңнан қуған болатын.