​Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын тоқтатты

0
952

Бұл туралы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеген.


​Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын тоқтатты

ERNUR.KZ. 2012 және 2016 жылдардағы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионы және вице-чемпионы Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын тоқтатты, деп жазады Baq.kz.

Бұл туралы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеген.

«Иә, Әділбек бізбен ақылдасты және осындай шешім қабылдады. Ол бірнеше жыл бойы Қазақстан құрамасы үшін еңбек етті, көп жеңіс сыйлады және Қазақстан туын биік ұстады. Оның жарақаты бар, жазылғанша уақыт керек. Себебі спортшының денсаулығы бәрінен де маңызды. Әділбектің шешімін қолдадық және еңбегі үшін алғыс білдірдік. Жеке өз атымнан және бапкерлік штаб атынан да Әділбекке болашақта тек сәттілік тілейміз», - деді Мырзағали Айтжанов.