АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық конькишілер күміс жүлдегер атанды

0
1 371

АҚШ-тың Юта штатында (Солт-Лейк-Сити) конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионаты өтті.


АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық конькишілер күміс жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Командалық спринтте Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстан құрамасы сапында Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин, Никита Важенин мен Артур Галиев (резервте) өнер көрсетті.
Бірінші орынды Канада құрамасы иеленсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея конькишілері түйіндеді.
Айта кетейік, биыл 8 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы сынға түсті.