"Ақтөбе" ресми түрде жаңа бас бапкерді тағайындады

0
461

Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалды.


ERNUR.KZ. Ресейлік маман Дмитрий Парфенов "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп жазады vesti.kz.

Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

Бұған дейін 49 жастағы маман ивановолық "Текстильщик", "Урал", "Арсенал" және "Родина" командаларын жаттықтырған. Ал "Тосно" клубымен 2017/18 маусымында Ресей кубогін жеңіп алғанын айта кетейік.

Футболшы кезінде Парфенов "Спартакпен" төрт рет Ресей чемпионы болды. Ал Украина құрамасы үшін 18 матчте ойнады.